Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  106


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АРМАН

Ақ көктемін сағынып,
Көктер ме екен ағашым?
Осы дерттен сауығып,
Кетер ме екен анашым?
Қарар ма екен қауымға
Ақ қабағы ашылып?
Барар ма екен ауылға
Баяғыдай асығып?
Ішер ме екен тамағын
Өздігінен қолына ап?..
Жүрер ме екен Заманын
Арқасына салып ап?
Жүрер ме екен өрімде,
Басқа орнатып бал бақыт?
Жата ма енді төрімде
Немересін ойнатып?
Жапырақ-жүрек тағынып,
Тірілер ме ағашым?
Осы дерттен сауығып,
Оралар ма, анашым?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу