29.11.2021
  548


Бір күні бір жугули жолда келе жатып, джип көлігін түртіп кетеді. Содан әлгі джиптің иесі бай түсіп, жигулидегі қарт кісіні ұрса бастайды. Сен білесіңбе мұның бағасын, машинаңды сатсаңда енді ақшаң жетпейді жөндеуге деп ашуланады. Содан жигулидің иесі қарт, жаңағы джиптің иесі байға үйге жүріңіз байеке, шәй ішіп екеуміз ақылдасамыз, мәмілеге келеміз деп әрең көндіріп үйіне алып келеді. Содан үйіне келген соң бір құмыраны ысқылап қалса жын шыға келеді, әміріңізге құлдық деп қартқа, қарт айтады мына дастарханды жайнатып жіберші шәй мәй дайындап дейді. Жын бір безетте дастарханды толтырып тастайды, неше түрлі тағаммен. Содан байекеңнің назары ауып, шәйін ішер ішпес қартқа, маған мына құмыраңды берсең мен сені кешіремін дейді. Қарт күліп жоқ бере алмаймын дейді, содан бай онда не қалайсың барлық тілеуіңді орындаймын, құмыраны маған берсең болды дейді. Қарт ойланбастан, барлық бизнесіңді, зәулім үйіңді, астыңдағы тұлпарыңды барлығын бересіңбе. Келіссең беремін дейді, бай еш ойланстан, ия келесімені деп барлығын қарттың атына жазып, аударып береді. Сомен қарт құмыраны береді. Бай құмыраны алып қаша жөнеледі. Сөйтіп бір жағалауда отырып, құмыраны ысқыласа жын шығады, әміріңізге құлдық деп, әй жын мен жаңа ана қартқа берген барлық дүниемді өзіме тез кері қайтар деп бұйырады. Сонда жын әміршім менің қолымнан тек шашлық пашлық пісіру мен дастархан жасау ғана келеді деген екен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу