👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  91


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

БІРЛІК

Бірліктің бағалап қуатын,
Тірлікті бірлік деп ұғатын,
Көкем де өтті бұл пәниден,
Аңсаумен ақырғы м
ұратын.
Аптығын баса алмай желіктің,
Алқынған күндерде нені
ұқтым?
Береке
-бірлікке, бізді енді
Бөлі
нсек, шақырар келіп кім?
Бас
-көз боп малы мен жа
нына,
Сөз айтты ел
-
ж
ұрттың қамына.
... Күрсініп алатын кей с
әттер,
Кемпірін есіне ап қамыға.
Бір айбар қондырып м
ұртына,
Әр болып шаңырақ шырқына
,
Қыдырып қайтатын күніне
Ат мініп ауылдың сыртына.
Аңсары
– береке, бейбіт күн,
Тірегі
– бірлік деп елдіктің
,
Кешқұрым
әңгіме айтатын,
Еліне жетелеп ерліктің. Келісіп, кей кезде келіспей,
Қарсылық білдірсем беріспей
,
Шежіре, шерлі сыр шерткенде,
Жыр толғап кетуші ем мен іштей.
Сөзіңді көп жандар ұқпады,
Діттеген жеріңнен шы
қпады.
Ондайда бармағың тістедің,
Ертеңнің еленбей түк мәні.
Күйзелдің
– жүрегің ауырды,
Өткізіп бастан не дауылды.
Көңілдің кірбіңін шаятын,
Аңсадың бір мөлдір жауынды.
Жаумады, амал не, сол жауын,
Таба алмай тағдырдың қолдауын,
Кеттің бе арқалап алысқа,
Бүгінгі тірліктің мол дауын?
... Тірлікті бірлік деп ұғатын,
(Бірлік деп қояйын жыр атын)
Көкем де өтті бұл өмірден,
Аңсаумен аяулы мұратын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы