Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  100


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ТАЛМАУСЫРАП ТАҢ АТТЫ

Қағып жүрек қанатын
қаным ақты,
Алматының ағарып таңы да атты.
Тағы бір түн қалды артта
тылсым оймен,
Шаттығына бөлемей шаңырақты.
Сәбилерді шеттетіп ұясынан,
Көкейіңе көп мұңлы құясың ән.
Көз ұялар барасың қылыққа да,
Кейбіреудің көрмәдік ызасынан.
Мұң ішумен жүрекке мұз қатады,
Көзіңді ашып-жұмғанша түн басады.
Сызын ішке жинаған ызалы ірге
Сырқатыңды қайтадан сыздатады.
Сан соқтырып, сағым боп сан ұраным,
Жетім қозы – шер көңіл маңырадым.
Бұдан асқан қорлық жоқ –
тынсаң іштей
Шаттығыңа айналмай шаңырағың.
Тағы да бір таң атты талмаусырап,
Ала қашып барады алдамшы бақ.
Аласартпай киесі – Хан-Тәңірін,
Алғы күнге келеді арман шыдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу