Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  141


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

САУАЛ

Күдікті кейде молайтып тұманды қала,
Кеудеміздегі сенімді күмән қуа ма?
Жақсы лебізді жадырап тыңдаған жақсы,
Болашақ бірақ жарқын ба, Қуандық аға?
Тыңдаумен келдік саяси ұранды ғана,
Уланып қалған ұғымды дұғаң бұра ма?
Бүгіннің кейбір бұлыңғыр тірлігін көріп,
Сене аламыз ба ертеңге, Қуандық аға?
Күнәміз болса дұғалы тұмар жуа ма,
Жаңалықтарға атар таң құмар қыла ма?
Кереметтерін кешенің ұмытсақ егер,
Болашақ құшақ жая ма, Қуандық аға?
Әуезді естілген әлдиге уанды бала,
Нұр бүркіп өтсе бұйра бұлт қуанды дала.
Кеше мен бүгін салмағы шамалас, сірә,
Болашаққа онда сенген жөн, Қуандық аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу