Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  113


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ТАЛДЫНЫҢ ТӨРІ

Басқаның бәрі аласа білем,
Талдының төрі тамаша кілең.
Жан-жағың тұнған жап-жасыл әлем,
Жайылған бейне алаша, кілем.
Жолдары тікке шаншыла жатқан,
Жарасып суы сарқырап аққан.
Бүлдірген кешсең жүре алмайсың-ау,
Құйылып қызыл тамшы балақтан.
Сыйлаған әсем еліне гүлін,
Арнасын ақын жеріне жырын.
Таң қала қарап таңдайың қақсаң –
Изейді басын желіде құлын.
Шаршамас құс та күн ұзын ұшып,
Бәрі – мәз, тірлік сызын ұмытып.
Ағаның үйі – аунайсың, шіркін,
Жеңгенің балдай қымызын ішіп.
Жастықты жалын күз жек көре ме,
Аяңдап ертең іздеп келе ме?..
Жоқтайсың қарап балалық шақты,
Сүп-сүйір сонау Сүндеттөбеге.
Адамның пейілі, малдың іңкәрі,
Жасарар жайнап жандының бәрі.
Таңдайын қағып, тамсанғандарды
Табындыра бер, Талдының төрі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу