👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  32


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЛАБАСЫНЫҢ БАСЫНАН...

Сынағандай қарайды қыр-сырыңды,
Көшкен елдің көңілсіз жұрты мұңлы.
Күн райы тағы да бұзыла ма,
Лабасының басына бұлт ілінді.
«Жомарт қауым айналып жанбақыға,
Ауыл ауып кетті ғой Алматыға», –
Осылай деп ақсақал күрсінеді,
Жарасы бар жазылмас жанда, сірә.
Хан-Тәңірін қара бұлт қымтай қалды,
Боратуға қам жасап бұрқай қарды.
Ауа райы тағы да бұзылады-ау,
Лабасының басынан бұлт айналды.
Бірі озардай бірінен шабуылдасып,
Алматыға барады ауыл қашып.
Атамекен төрінде бұйығады
Бозқараған, қарағай қауымдасып.
Ауыл жақты ауыр мұң құрсаулайды.
Теріскейін тірліктің күн шалмайды.
Күн райы осылай қалар ма екен,
Лабасының басынан бұлт аумайды.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы