Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  96


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

МҰҚАҒАЛИҒА

Шапақтай шашылғанда асқар жақтан,
Нұрыңа мейірленді ақ таң да атқан.
Жасына пайғамбардың жеткеніңде
Ақ тілек жауып берді аспан жақтан!
Әппақ қанат өлеңің секілденіп,
Қар ұшқыны қонады кекілге еріп.
Өзің жайлы ғайбат сөз айтқандарды
Жаудай көріп, көп інің кешірмедік.
Қарық қылып тағдырың «сыйға» небір,
Алпыс түгіл елуін қимады өмір.
Өзің жоқсың, көзіңдей болып қалған
Өзің жазған қанағат жырға көңіл.
Шырқау көкте шырқалып дара сазың,
Енді туып келе ме сара шағың?!
Қарашы көзіңді ашып, сен туған күн –
Тойлап жатыр қазағың, Қарасазың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу