Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  83


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЖОЛДА

Шарпылғандай боп жалынға денем,
Мазасыз, мұңлы күйім көп.
Қайқыдан асып ауылға келем,
Аунайтын бірақ, үйім жоқ...
Кеткендей едім асқарға ән құшып,
Арманға сеніп имандай.
Тұрар ма екенмін аспаннан түсіп,
Маңдайым тасқа ұрғандай.
Қарсы алар, бәлкім,
Мойнақ қыңсылап,
Жоғалтып алған біздерді.
Күрсініп, сосын армансыз жылап,
Іздеймін қалған іздерді.
Дауылға неге иіледі адам,
Тағдыры болып сормаңдай.
...Сатылып кеткен үйіме барам,
Үмітім сонда қалғандай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу