Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  111


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЖАСЫЛ МҰҢ

Қамсыз жатқан қырдағы елге еркелеп,
Жылдағыдан қыс биыл келді ертерек.
Жапырақтар жап-жасыл жауды жерге,
Жаумасына қоймады жел де ентелеп.
Сары күзде сарғайып үлгірмеді,
Бір-ақ таңда қыс күйі күмбірледі.
Мұз құрсанған жап-жасыл жапырақтың
жанарына жас тұнды. Күн күлмеді.
Бұтақтың да бойынан нәр ала алмай,
Аң-таң қалып ақ қарға қарағандай.
Шым етті де жүрегім үнсіз қалдым
Жапырақты көргенде жаралы аңдай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу