Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  242


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЖАПАЛАҚТАРҒА

Жапалақ жалп етеді жар басында.
Немене жоқтың күні бар қасында?
Дос болып қас қылғаннан сақта, құдай,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Қапез Байғабылұлы
Жайлауым деп жатсынбай бұл әлемді,
жүруші едім, бейбіт күн – күмән енді...
Жар астынан жау болып бір жапалақ
көзілдірік киіп ап шыға келді.
Қу тірліктің қобалжып қоңыр ұлы,
Өзегімнен өрбіді өмір үні.
Жар астынан жау іздер ниет жоқта,
Бөрігімнің астынан бөрі ұлыды.
Зар заман – бұл, сосын ба?
арлы адам жоқ,
Кейбіреудің ісіне таңданам көп.
Шөбереме шешесі сыр шертер ме
Шерлі заман осылай орнаған – деп?..
Жау іздеген жоқ едім, дау іздеген,
Ісім жоқ-ты ұр да жық арызбенен.
Жапалақтар жылмиып сұрар болса,
Еш қиналмай арымнан
...қарыз берем...
Келіңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу