Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  192


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЖЕТІСУ

Адамзатқа, аң
-құсқа тел иідің,
Көрген жоқсың түсіріп ел иінін.
Жетісуым,
Сен менің киелімсің,
Жеті атама төр болған,
Жерұйығым!
Тірегімсің бір өзің,
сүйерімсің,
Жер
-Анамның төсінде
– жүрегімсің.
Шаңырағым
– өзіңсің шайқалмаған,
Жетісуім,
Сен менің киелімсің!
Тауың Ерге ұқсайды ой торлаған,
Қалғып жатыр қарт құсап қайқаң далаң.
Келбетіңнен нұр тамған айналайын,
Шаңырағым
– өзіңсің шайқалмаған!
Күлімдеген көліңдей айнадайын
Сеніміңе,
Туған жер,
сай болайын.
Қарағай мен қайыңы тербетілген,
Келбетіңнен нұр тамған айналайын!
Кенде қылмай өрлету, төрлетуден,
Құшағыңда өзіңнің мен жетілгем.
Саған жетер жазира табылмайды,
Қарағай мен қайыңы тербетілген.
Асқарыңда ақша бұлт дамылдайды,
Айтарым көп далаң мен тауың жайлы.
Қасиетіңнен айналдым,
Қайран өлкем,
Саған жетер жазира табылмайды.
Жарқын бейнең жасарып,
жайнап ертең,
Жайлауыңда дүркірер той да көркем.
Жетісуым,
Сен менің киелімсің,
Қасиетіңнен айналдым,
Қайран өлкем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу