28.11.2021
  160


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

Астана

Шат қуаныш сыйлаған
Кәріге де жасқа да.
Құшақ жайып тұр маған
Әсем қала – Астана.

Араладым ертемен
Арман болған қаланы.
Ортасында ерке өзен –
Есіл ағып барады.

Ұжмақ шаһар ұққанға,
Ұя сыйлар ұл-қызға.
Бәйтерекке шыққанда
Төбең тиер жұлдызға.

Таң қалдырмай қоймайды
Сонша сәулет, сонша түр.
Қиялыңдай самғайды
Ертегі боп Хан Шатыр.

Төрінде тұр Ақорда,
Байырқалап барша бақ.
Тоғысады сан арна
Ел тілегін арқалап.

Күлімдейді шаттана,
Күллі елімнің тілегі.
Әсем қала Астана –
Қазақстан жүрегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу