Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  127


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

Үйсінтаудың Үркері

Жасырмай көк шілтері,
Мұңлы сәуле бүркеді,
Үйіріліп үнсіз тұр
Үйсінтаудың Үркері.
Көк тәңірі үр демеп,
Айналасын нұр бөлеп,
Үйсінтаудың Үркері
Үйіріліп тұр бөлек.
Ұқсап алып кемеге,
Ұқсап алып денеге,
Күрсінгендей Үйсінтау
Үркер ауып төбеге.
Үйсінтаудың Үркері,
Үмітімді түртеді.
Үйірілген жұлдызы,
Бабам көшкен жұрт еді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу