28.11.2021
  476


Автор: Қошаева Гүлмира

ЖЕКЕ ӨМІРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ


✍️Адамдардың бір-бірінен күмəнданудан, кем-кетігін іздеп, айыбын ақтаруға дайын тұратын сұғанақ мінездерден тыятын, аяттар мен хадистер адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын көрсетеді.

?Пайғамбарымыз с.а.у.
адамдарды сыртынан өсектеп, жеке өмірін жария етуді қатты сынға алған жəне Алла Тағаланың ондай адамдарды қиямет күні қор қылатынын ескерткен.

?Пайғамбарымыз с.а.у. айтуы бойынша, мұсылманның мұсылмандағы маңызды ақыларының бірі қарсы тараптың мақұлдауынан тыс оның жеке өміріне араласпау.

?Қазіргі таңда адамдардың жеке өмірі туралы ақпараттарды кез-келген жерде кездестіре аламыз. Мысалы: теледидар, ғаламтор жəне басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шімірікпей жеке бас құқығына нұқсан келтіретін мəліметтерді тарату көптеп кездеседі. Осы орайда, мұндай деректерге көз жүгірту де ол адам туралы жаман ойдың қалыптасуына, ол туралы дақпырттың қаулауына себепші болары анық.осылайша ел аузында түрлі ғайбат сөздер көбейеді.
?Пайғамбарымыз с.а.у. хадистерінде: «Ғайбат айтылған жерде тұрмаңдар, ғайбатты тыйыңдар» деуі бекер емес.Себебі, ғайбат сөздер адамға ешқандай жақсылық алып келмейді.

?Сөз соңында, әркімнің жеке өмірі-жеке таңдауы бар екенін ұмытпаңыз.Және де адамның жеке өміріне рұқсатсыз араласуға біздің құқығымыз жоқ.Егерде ол өз өмірін құпия ұстағысы келсе, солай болып қалсын......




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу