28.11.2021
  204


Автор: Қошаева Гүлмира

Журналист арманы...........

Журналитика — бұл бір ғана мамандық иесі болу деген сөз емес. Журналистика ең алдымен жүрек қалауы, әрі көптеген мамандықтарды меңгерген әмбебап мамандық болып табылады. Кез-келген маманның өзінен жоғары ұстаз маман иелеріне ұқсағысы келері xақ. Сол секілді мен еліктейтейтін жандарда баршылық. Соның бір де бірегейі қазіргі таңда эфирде болып жатқан "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген. Ол кісінің шығармашылығына тоқталмас бұрын, өмірбаянымен танысып алсақ.


Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) 9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол — белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы қызметтерін атқарған. Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген. Содан соң М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, оны2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Ендігі кезекте мені таңқалдырған жәйт, Дина әпкеміз орыс, ағылшын, араб тілдерінде сөйлей алады екен. Ең алғашқы қызмет жолын, 1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі болып бастайды. Ал 2001 – 2002 — «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы болады.


2015 жылдан «КТК» телеарнасында «Эксперимент» бағдарламасының жүргізушісі қызметтерін атқарған. Қарап отырып-ақ қте еңбекқор жан екенін көруге болады. Және ол өз мамандығы аясынан тыс қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысқан. Алматы қаласында 2015 жылы 30 мамырда өткен айбынды аналардың алғашқы «Anashym» форумының ұйымдастырушысы, идея авторы. Оған қоса республикалық іс-шаралар (фестиваль, концерт т.б) жүргізушісі болған. Және де “Utir kz” атты өзінің жеке мектебінен ашып, онда балаларға сабақ береді. Мен Дина xанымды ”AlMAU” университетінде өткен жастар форумында алғаш рет көрген болатынмын. Сол кезде-ақ ол кісінің мастер класс өткізу барысындағы энергиясын көріп, ғашық болғанмын. Тағы бір қызық жәйт ол кісінің үйінде телевизор жоқ екен. Неге дейсізбе?! Ол өзіне керекті дүниелерді ұялы телефоны арқылы қарап алатын көрінеді. Теледидарда болса, қазіргі таңда шектен тыс жарнама мен мағынасы жоқ сериялдарға босқа уақытын шығындағымы келмес. Келесі кезекте белгілі журналисттің қазірге дейін жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек.


2003 жыл. «Кольцо Евразии» халықаралық ақпараттық форумының лауреты;


2004 жыл. «Время новостей» тәуелсіз БАҚ Республикалық байқауының «Ақпараттық бағдарламадағы күннің ең үздік репортажы» номинациясы бойынша жеңімпазы;


2007 жыл. «Шабыт» халықаралық фестивалінің «Журналистика» номинациясы бойынша лауреаты;


2012 жыл. «Нұр Отан» ХДП «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының «Көзқарас» номинациясы бойынша лауреаты;


2012 жыл. «Cosmo FFF» бәйгесі бойынша «Жыл тележүргізушісі» марапатын алған;


2013 жыл. «Қазақстан Журналистер Одағы» «Астарлы ақиқат» бағдарламасын «Жылдың ең үздік бағдарламасы» деп таныған.


Қорытындылай келе, адамның жеткен жетістіктері басқаларға үлгі бола алады. Сол секілді бізде өз арман мен мақсаттарымызжы жүзеге асыру үшін, өзгелер еңбегінен тәлім алуымыз шарт. Мұнымен сіздің алдыңыздағы ұрпақ не жасаса соны жасаңыз деп тұрған жоқпын. "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" — деп xалқымыз айтқандай, жақсы қасиеттерін бойыңызға сіңгізгеніңіз жөн. Әркімнің адам немесе маман ретіндегі армандары орындалуына тілектеспін!!!! Менің де болашақта жұлдызым жанарына сенемін!!!!!


Автор: Қошаева Гүлмира




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу