Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  204


Автор: Аслан Ғафуров

Ұлықбек Есдәулет ағамыздың туған күні құтты болсын!!!

Қазақ халқының өлеңі өрнекті, есімі көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет ағамыздың туған күні құтты болсын!!!

Ұ-лтымның ұлы Ұлағам,
Л-айықты барлық құрметке.
Ы-нтымақ тілеп жүр аман,
Қ-арапайымдылығың тұр бетте.
Б-абадан қалған мұрадан,
Е-ншіңіз өлең сыбағаң.
К-өңіліңді тек кірлетпе.

Е-л жұртым сүйіп дүбірлі,
С-ыйлайды сіздей жайсаңды.
Д-әуірдің сіз бір дүлділі,
Ә-уезді жыры қайсарлы.
У-ақыттың көші бір күні,
Л-айықты етті байсалды.
Е-лімнің талай бұлбұлы,
Т-олғады ән қып Зайсанды!!!

О-тызда орда бұзғансыз,
Р-азы ғып үлкен-кішіні.
А-рғымақ жылы туғансыз,
З-иялы ойлы пішіні.
Б-арқытбел сынды шыңдансыз,
А-рғымақ тектес мүсіні.
И-манға берік тұлғасыз,
Ұ-йыған дәрет ғұсылы.
Л-апылы бөлек жырларсыз,
Ы-рқына билер кім мұны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу