Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  277


Автор: Аслан Ғафуров

АҚ ТОЛҚЫН!


Ақ көбік толқын тулайды толып,
Арманым сынды ең ізгі.
Ақ шағаласы шулайды қонып,
Айдынын тербеп теңіздің.

Жағаны ұрып толқыны соғып,
Жалғызсыратты жанымды.
Жағада тұрмын қолтығым тоңып,
Жүрегім сезбей жалынды.

Үркіген сезім түнейді келіп,
Үп, еткен үні ағыстың.
Үздіге шыққан үрейлі желдің,
Үнінен сездім таныс мұң.

Қуады мені келіп іздерің,
Қолымнан ұста дегізген.
Қорықпай сонда сені іздедім,
Қорғасын түстес теңізден.

Жағалау жаққа тамсанып күліп,
Жүректі бір сәт жұбатып.
Жастық жүректен ән салып тұрып,
Жаныңды қайтем жылатып.

Ақ көбік толқын алысып сонда,
Алыстап кетіп барасың.
Арманым менің қарысып қолда,
Айдыннан ащу аласың.

Тулайды толқын тербетіп көлді,
Тамшыдан бір мұң жамылдым.
Тұңғиығыңа төрлетіп мені,
Толқыны болшы лағылдың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу