24.11.2021
  5708


Автор: Шешендік сөздер

ТӨЛЕ БИ ШЕШЕН

Ңазаң ауыз әдебиетінде Толе би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың көпшілігінде Төле
ақылды, әділ, шешен және халың қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында да, Толе
XVII — XVIII ғасырларда өмір сүрген, өз заманының
ақылды, білімді парасатты азаматы болған.
Төле бидің туған әкесі — Әлібек. Дәстүр бойынша
Төлені халың «Үйсін Төле би» деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыз бойынша. Төле
орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған, Әулиеата
(қазіргі Жамбыл) төңірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент төңірегінде Жиделібайсын жерінде, Сырдың
бойында кәшіп жүрген. Көп тұрған жері — Шыназ
(ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған.
Төле көп жасаған адам. Оған дәлел, ¥лы жүз Төле
би мен Кіші жүз Әйтеке би бірігіп Орта жүзден Ңасқа
көл (сірә, Балқаш болса керек.— Б. А.) деген көлді даулайды, бірақ Орта жүздің бас биі Орманбет оларға:
Екі би, айтқан сөзің жарасады,
Еншіге әркімдер-ақ таласады...
Ңасқа көл Орта жүздің көлі еді гой,
Айтқандарың қиянатқа жанасады,—
деп көлді бермейді. Кейін Орманбеттің анасы көндіріп,
көлді үш жүздің рулары бірге жайлайтын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне разы болып
былай депті:
Ңасқа көлді алам деп келіп едім,
Орманбет бермеген соң өліп едім.
Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып,
Мәңгіге тірілместей болып едім...
Төле — Тәуке ханның жеті жарғыш, бас биінің бірі.
Ал Тәуке тұсында қазақ хандығының бір орталыққа бағынып ішкі және сыртқы жағдайының бірсыдырғы
нығайғаны белгілі.
Тәуке ханның билігін үш жүздің қалай ңолдағанын бейнелейтін бір мысал мынандай. Төле би шідер
ұрлап қолға түскен бір ұрыға ұрланған шідердің үш
тармағын үш аттың аяғына салдырып «енді осы үш
атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп
босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе,
үшеуін біріктіріп ұстаса, онда ол үш тармақты шідер
емес, үш ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы
үшін бір бесті айып төлейсің» деген үкім айтады.
Әрине, мықты ңайыстан жұмырлап өрілген шідерді
аттар үзіп кете алмайды, ұры бір шідер үшін үш ат
төлеп құтылады. Төленің бұл билігін қазақтар да,
кейін қазақтың әдет заңын зерттеген орыс оқымыстылары да «даналық шешім» деп бағалайды.
Сөйтіп, Төле би Әлібекүлы кезінде қазақ хандығын,
қазақ елінің бірлігін нығайтуға ңызмет еткен қайраткер
болған.
Төле бидің қоғамдық қызметі, әсіресе, 1723 жыл ғы
жоңғар шапқыншылығынан кейін айқынырақ көзге
түседі. Ңыз анадан, бота енеден ажыра п аңырағанда,
азынаған шапқыншылық заманда халыққа қарадан
шыққан билер де үйтқы, үйымдастырушы болды. «Елге
бай қүт емес, би қүт» дейтін на қыл сөзді Төле би сол
кезде айтыпты.
Міне, осындай ел басына екі талай күн туып, ер
сасқан, әйел етегін басқан қысталаң кездерде ¥ лы
жүзді бастаған Төле би қонысынан аумай елін, жерін
бүліншіліктен сақтап қалған, күші басым жауғ а қарсы
шығып, қамсыз отырған халық қанын мағынасыз
төкпей, айла-тәсіл қолданған. Осы арада Төленің даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар. Жоңгар шапқыншылыгынан босып ел қаша көшкенде Төле уйін
ж ықп ай жұртта қалыпты-мыс. Ңалмақтың әскер басы
бүған таңданып, көшпеген себебін сүрағанда, Төле би
«биыл шаңырағыма бір қарлығ аш үя салып еді; бүл —
бүкіл дүние жүзін топан суы басқанда Нү қ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланғ а
адам баласының жем болу қаупі туганда, сонда қорғ а ғ ан жәндік еді. Мен өз бала-шағамды қорғап қалғ ан
қүстың үясын бүзып, балапандарын қырып кете
алмадым» дейді. Мұны естіген қалмақ хонтайшасы
«бүл әулие» екен деп оның өзіне де, маңайындағы
еліне де тимепті-міс. Аңыздың қаншалықты дұрысбұрыстығын кесіп айту қиын. Бірақ бір шындық;Ташкент пен Шымкент айналасындағы қазақтар мен өзбектер Төле бидің есімін тура атамайды, күні бүгінге
дейін «Ңарлығаш әулие», «Ңарлығаш би» деп қадірлейді.
Төле би көршілес елдермен: Бұхар, Ңоқан, Жоңғар
хандықтарымен мүмкін болғанша тату-достық ңатынас
жасауды жаңта ғ ан. Әсіресе, Орта Азияда ғы хандықтардан мәдениеті жоғары, өндірісі ілгері орыс елімен
мәмлені қолдаған, тіпті Кіші жүзді бастап 1731 жылы
Россияға ңара ғ ан Әбілқайыр ханның артынша ¥ л ы
жүзді де қамқорлығына алуды сұрап бір топ сүлтанбилермен бірге император Анна Ивановнаға 1733 жылы
ресми хат жаз ғ ан адам.
Анна Ивановнаның 1734 жыл ғы 10 июньдегі грамотасы бойынша ¥ л ы жү з ресми түрде Россияның қа22
рамағына алынған. Бірақ бүл әр түрлі себептермен
қағаз жүзінде ңалады. Сондықтан Төле би ¥лы жүзді
қамңорлығына алу туралы өтінішін 1749 жылғы сентябрьде екінші рет қайталайды. Бүл жолы Төле би
хатңа бір өзі қол ңойып, мөрін басады және Орынбордың губернаторы И. Неплюевке хатты апарып тапеырумен бірге ауызба-ауыз сөйлесу үшін баласы Айтбай мен Жолдас батырды жібереді.
Қазақ елін нығайтуда, қалмақ-жоңғар басңыншыларына ңарсы халық-азаттық күресін үйымдастыруда
көрсеткен ерлігі мен сіңірген еңбегі үшін, сондай-аң
ақылы мен әділдігі арқасында Төле би Әлібекүлы
ел алдында үлкен сенімге, беделге ие болған.
Ал ауыз әдебиетінде Төле, негізінде, жеке басының
қасиеттерімен, дәлірек айтқанда, әділ билігімен, тілмәр
шешендігімен дәріптеледі. Сол сияқты халық аңыздарына ңарағанда Төле заманындағы белгілі батырлар
мен билердің, тіпті хандардың бірсыпырасына ақылшы
болган. Атақты батыр әрі шешен Шаңшақүлы Жәнібек
Төле биден ақыл сұрай келіп:
— Түзу мылтың, ұшқыр қүс, жүйрік ит, мақтаншаң
жігіт, үрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің
болса, жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім,— дейді. Сонда Төле би:
«Өгізді өрге салма — қанатың талар, наданға
козіңді салма — сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа —
сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа — түбіңе
жетер. Жал-құйрығы ңаба деп жабыдан айғыр салма —
жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас.
Жаңыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма — өрісің тарылар. Ңару жисаң мылтық
жи: жаяу жүрсең — таяқ, қарның ашса — тамақ. Ит
жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң —
ұятқа қалдырар. Үрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс
қарга жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт
болар, ақылдың түбі ңұт болар. Елге бай құт емес,
би — құт. Ңабырғадан қар жауса атан мен нарға
күш, ел шетіне жау келсе — қабырғалы биге күш.
Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай
нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, менің айтарым
осы»,— деген екен.
Аңыз әңгіме тарих емес. Халық өзі ұнатңан қаһарманын ңалауынша қайта «туғызады», мақтаса көтермелеп, әсірелеп, даттаса кемітіп, тұқыртып көрсетеді, бірақ жоқтан бар, бардан жоқ жасамайды, қандай болмасын аңыздың астарында негізінде бір шындық жатады.
Мысалы, қазақ еліне келген бір елдің елшісін біреулер
өлтірейік деп, екінші жақ өлтірмейміз деп үлкен даутартыс болыпты. Сонда осы мәселені ақылдасып шешу
үшін ¥лы жүзден Төле би, Орта жүзден Қазыбек би,
Кіші жүзден алшын Әйтеке би бас қосып бір төбеге
шығып отырса, алдындағы көлге бір топ қаз келіп
қоныпты. Сонда Төле тұспалдап:
— Мына көлдің алар ма еді қазын атып,—
дейді.
— Оғың шығын болмасын жазым атып,—
дейді Әйтеке.
— Ңұтылмастай пәлеге қалып жүрмейік,
Қаз екен деп перінің қызын атып,—
дейді Қазыбек.
Осымен сөз бітеді, елшіге тимей еліне қайыру керек
деген шешімге келеді...
Аңыз әңгімелерге қарағанда Төле жастайынан-ақ
зерек, зерделі болган. Төленің әкесі Әлібек биге екі
даугер жүгініске келіп біреуі: «Ңырдан қуып індетіп
қазып алған түлкіме мынау таласып, бермейді»,— дейді.
Екіншісі: «Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген
түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек
түлкі де менікі»,— дейді. Би даугерлердің сөздерін естіген соң, он үш жасар баласына сілтеп, мұның билігін
Төле берсін дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып, бір шыбықты ңамшы қылып далада
«айт, шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын
баяндаған соң, бала: «түлкі арлан болса, сенікі» дейді
«қырдан қуып келіп індеттім» дегенге; «ұрғашы болса — сенікі» дейді «жер менікі» дегенге. Баланың билігін түсінбей әкесіне келіп айтқанда: «Төлежан төресін дұрыс берген екен: түлкінің ұланы түз сақтайды,
ұрғашысы ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенің ңырдан қуып келіп індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал
ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді» дейді Әлібек.
Тағы бір аңызда Төле би ңанжыға ңайыс ұрлаған
ұрыға ат-шапан айып кеседі. Мәнісін сұрағанда «қанжыға тон сақтайды, тон жан саңтайды» деп жауап
береді. Сондай-аң тұсау ұрлағанға ат бастатқан тоғыз  айып салады. Оның мәнісін «тұсау ат сақтайды, ат ер
сақтайды, ер ел саңтайды» деп түсіндірген. Барымтагершілік уақытта Орта жү з Ңаржас, Ңаржа с ішінде
Жәдігер Ңұлнәзір деген кісіні ¥ л ы жүз жігіттері өлтіріп, теңдік бермейді, құн төлемейді. Осыған байланысты Жәдігерден төрт кісі Төле бидің алдына келсе, би
жөнді сөйлеспейді. Талапкерлердің біріншісін тыңдап
оң қолын, екіншісін тыңдап сол қолын созады.
— Япырмай, мынау екеуіне сөз қалды ма?— деп
үшінші кісі сөйлегенде Төле үстіңгі ернін, төртінші
кісі сөйлегенде астыңгы ернін созады. Төртеуі аңырып,
Төле биден бір ауыз жауап ала алмай еліне келіп,
корген-білгенін айтқанда, Қаржа с Едіге би отырып
былай депті:
— Төле бидің ишарасы төртеуіңе берген багасы
екен. Ал ғ а шқы екеуің сөйлегенде екі ңолын созғаны —
сендер ұзын сойыл, ұр да жың екенсіңдер дегені. Кейінгі екеуің сөйлегенде екі ернін созғаны — сендер
агайынды екі адамның арасына өсек айтып, ас ішерлік
адам екенсіңдер. Сендер бітім сөз сөйлеп дауды бітіре
алмайсыңдар деп қайырғ ан екен.
Ел сонда Төлеге Едігенің өзін жұмсайды. Едіге қасына он шақты кісі ертіп Төле бидің аулына келсе,
би алдынан шығып амандасып: «Алмасыңа мойным
бар, асылыңа қойным бар» деп жүріп кетіпті. Едіге:
«Би, мойын бұрмайсыз ба?»—деген екен. Төле «жарл ық сізден болғанда, жабдық бізден» депті. Едіге
серіктеріне «Төле би осы болса, дау бітті. Ертең жасаулап қыз береді» депті. Айтқандай, Теле би алты
ата арғындарга ат бастатңан алты тоғыз, төрт ата
төртуылға түйе бастатқан тоғыз және отаулап бір
қыз беріп қонақтарды еліне қайтарыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу