24.11.2021
  1718


Автор: Шешендік сөздер

АБЫЗДЫҢ АТАЛЫ СӨЗІ

Арғын Абыз шешен жү з жиырма жасқа келіп
отырғанда Әсет би көріскелі келіп былай деген екен:
— Уа, Абыз ақсақал, жасыңыз бірсыпырыға келіп
қалды. Абыз айтушы еді деген артыңызда бір сөз қалсын, бізге де бір үлгілі сөз қалдырып кетіңіз,— депті.
Сонда Абыз:
«Ата-анаңның қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағ айынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.»
Балалық т ың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жастықты.
Ба ғ алы болғанда білерсің.
Бостандыңтың ңадірін
Жабылғ анда білерсің.
17
Ңалтаңдагы ақшаны
Ңағылганда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін,
Ңан кеткенде білерсің.
Ақ білектің қадірін
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін
Ж а с өткенде білерсің.
Ңара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің.
Аяқ-қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің.
Ңызыл тілдің қадірін,
Тоңтаганда білерсің.
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден гибрат ал!—
деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

13.03.2023 09:20
Неге соншалықты қатемен жазылған?

Пікір жазу