👈 қаріп өлшемі 👉

  24.11.2021
  11


Автор: Шешендік сөздер

ТАЗША БАЛАНЫҢ ЖИРЕҢШЕГЕ КӨҢІЛ АИТУЫ

Жиренше шешен жолаушылап жүргенде әйелі
Ңарашаш кенеттен дүние салады. Сапардағы шешенге
бұл қайғылы хабарды қалай естіртуді білмей, ел
ңиналып сасады. Сонда қой соңында жүрген бір тазша бала: «Мені апарыңдар, мен естіртемін»,— депті.
Он үш жасар тазша баланы алып, ауылдың ақсақалдары Жиренше жатқан ауылғ а келеді. Биік төбенің басында, дүйім жұрттың ортасында Жиренше
шешен отыр екен. Тазша бала Жиреншеге келіп:
— Ассалаумағалейкүм, ақылы елден асқан Жиренше аға! Сізді аузымен құс тістеген, аққан өзенді тоқтатқан шешен дейді. Үш сұраққа мұрсат беріңіз,—
депті.
Жа с баланың батылдығына риза болған шешен
мойын бұрып:
— Айта ғой,— депті ықыласы түсіп.
— Бауырың елсе не дейміз?— депті тазша бала.
— Бауырың күйіп түсті десейші!
— Балаң өлсе не дейміз?
— Ңос бүйрегіңді тірідей суырып алды десейші!
— «Ңатын өлсе, қамшының сабы сынды» дейміз
ғой онда, а ғ а?— депті тазша бала.
— Жоқ, қарағым. Жарың өлсе ошағыңның күлі
шашылып, отыз екі қабырғаңды сөгіп алдым десейші!
16
— Ал, аға, бүкіл қабырғаңыз ға қалқан боламыз
деп қалың ел-жұртың келіп түр,— дегенде Жиренше
секем ала :
— Әй, көбейгір, балаларымның анасы, үйімнің
жарық панасы, қос көзімнің қарасы, Қарашашым
арманда кеткен екен-ау дүниеден,— деп ботадай боздаганда сақалынан алты тарам жас ағыпты деседі.
Сонда тазша бала:
Туғаның сенің қара жер,
Өскенің сенің қара жер,
Бәрін де алған қара жер,
Осыма, аға, баға бер,—
дегенде Жиренше шешен:
Қара жерге гүл өссе жарасады,
Ауылдық жерге қыз өссе жарасады.
Ана — балаларымның панасы емес пе,—
депті.
Кейін сол тазша бала дуалы ауызды шешен болыпты.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы