24.11.2021
  3148


Автор: Ел аузынан

НЕ ТӘТТІ?

Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып алды
нан қарсы кездескен бір баладан:
— Дүниеде бәрінен не тәтті, балам?— деп сүрайды.
Сонда бала:
— Бал тәтті,— деген екен.
— Ал жүмсақт а не жүмсақ?
— Мамық жұмсақ.
— Қаттыда не қатты?
— Тас қатты.
Бүл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:
«Осы сұрақтарыңыз ға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз»,— деп өтінеді.
— Ал айта гой, балам, не тәтті?— дейді Жиренше
шешен.
— Ананың сүті,— деп жауап беріпті бала.
— Не жүмсақ?
— Ананың қолы!
— Ал енді не қатты?— деп сұрағанда:
— Атаның жүрегі,— деген екен.
Шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу