23.11.2021
  79


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Халықтың қадірін білу

Халық – күллі бақыт-байлықтың қайнары, өнер-ғылымның қам- басы, дүниенің қожасы екенін шынайы түсіну тиіс. Халықсыз қара жер де құлазитындығын ұғыну; əрдайым: «халқымнан айырма, хал-


қымды қор қылма» деген игі тілекте болу; шен-шекпен, атақ-даңққа бөленіп, қолда қуат, бойда жігер, баста ақыл толық кезде халыққа кө- бірек қызмет істеу; халықтың ұлылығын, күштілігін, қаһарлылығын ұмытпау; қадір-қасиетін ардақтап, қуанышына қуанып, қайғы-қасі- ретіне ортақтаса білу; əр кез өзін халықтан жоғары қоймау; ханның ісі – қараға, шалдың ісі – балаға түсетін күндер туатынын ешқашан естен шығармау; қашанда халықпен бірге болып, олармен тағдырлас, тыныстас болу; халықты қараламау, көпке топырақ шашбау керектігін білу тиіс.


Бұл тəрбие ұрпақтарды халықшыл, көпшіл болуға жетелеп, сана- сын жоғарылатады. Кішіпейіл болуға дағдыландырып, менмендіктен, тəкаппарлықтан аулақ болуға баулиды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу