👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.11.2021
  15


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Бойжеткен

Сен-дағы бойжеттің бе, айналайын,
сылдырап аққан судай жайдары Айым,
Қауызын жаңа жарған гүлдей мінсіз,
Періштем жайна дәйім...
жайна дәйім...
Сен-дағы бойжетіпсің, қарағым-ай,
даладай сұлулыққа алабы бай.
Тонаушы ұры-қары тап болмасын,
сақтауға сан пәлеңнен жара, Құдай!
Гүл шешек ата қойсын түрің мейлі,
қуанып жүрек әрі дірілдейді.
Қалқам-ау, абайла тек...
абайла тек,
кей хайуан гүлді таптап, бүрін жейді.
Жүргендей шөпті көсеп, өрт уыстап,
көрсетер бет-жүзіңнің көркі қыспақ.
Қыз болу қиын, жаным, бұл өмірде, -
бойжеткен болу деген қорқынышты-ақ...
Қымбатқа түсер кейде шырайлылық,
жақсылар өзі-ақ бәрін сынайды ұғып,
Жаманның назарына шалынарсың,
қарама...
қарамашы, бұлай күліп...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы