Өлеңдер ✍️

  23.11.2021
  177


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Туған үйді сағыну

Ортаның іздемеймін шу, дабырын
әкелгендей өзгенің думаны мұң.
Тыныштық жаным менен маңайымда,
мен бейне соның жалғыз туғанымын.
Алмаймын тыныштықтан сескене де,
делебем қозбайтындай ештеңеге,
Хат жазбай, хабарласпай кеттім тіпті
бір туған бауырға да, еш бөлеге.
Еске алып сағынғанда,
тек түндерде
моншақтар мөлдіреген төктім жерге
Ден қойып:
менің шалғай жүргеніме
сендер де үйренісіп кеттіңдер ме?!
Тым-тырыс сендер жақ та көптен бері
жүрген жоқпын ол үшін жек көргелі.
Кетпесін тек кездесер шақ алшақтап
өмірдің кесел боп кей өткелдері.
...Ортаның іздемеймін шу, дабырын
ойласам келер-ау деп туған інім.
Жететіндей жарығы бір өмірге
сол әкелер қуаныш думанының...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу