Өлеңдер ✍️

  23.11.2021
  181


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Емші екен бір-біріне адам деген...

Қандай күш бар, білдің бе, ғаламда epeк
дүние, бар тұсыңа хабар берем —
емдейді екен бізді ізгі тілек,
емші екен бір-біріне адам деген.
Тәтті сөз, Көзқарасың, Жақсы әңгімең
дәрі екен таптырмайтын, бақсам кілең.
Ішқұса келіншектер баяғыда
емделген шығар бәлкім бастаңғымен.
Білдің бе, қандай күш бар өмірде бұл,
себетін жаныңа нұр, көңілге-гүл.
Сімірсең жақсылардың шарапатын
сергірсің,
ойың өсіп,
терің кеңір.
Күлме сен, ойлама деп ойын бәрі,
хақ мұны әркімнің-ақ мойындары.
...Шынымен жүрген мүмкін сен шығарсың
шипа боп бүкіл дертке бойымдағы... .




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу