23.11.2021
  240


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

АТҚА МІНГІЗУ

Баланы тұңғыш атқа мінгізу – қазақ тəлім-тəрбиесіндегі мəн-ма- ғынасы терең, тəрбиелік қуаты күшті салттарының бірі.


Баланы атқа мінгізуден бұрын əр отбасы алдын ала балаларына ашамай, кішкене ер-тұрман əзірлетіп, мінетін тай-құнандарын жуасы- тып, баласы өз тізгінін өзі алып жүретіндей болғанда, сəтті бір күні ел-жұрт, бауыр-туыстарын шақырып, «ашамай тойын» жасап атқа мінгізеді. Мұнда көпті көріп, көп жортқан қариялардың бірі баланы:


«əуіп, бісміллə!» деп қос қолмен көтеріп атқа мінгізіп: – Міне, бүгін азамат боп атқа қондың, өмір жолың ашық болсын, дұшпаның қашық болсын! Шу, жануар! – деп бала мінген атты жүргізіп жібереді. Бала- ның атының басын ұстап тұрған ересек екі адам:


 


– Тартып міндің ат жалын, Сəтті болсын шапқаның.


Тəтті болсын татқаның, Дүбірлетіп далаңды,


Бақ-дəулеттің тап бəрін! –


 


деп екі жағынан демеп атты жетелей жөнеледі. Бұл баланың алғаш рет ат жалын тартып мінуі, өмірге бір азамат ретінде тұңғыш қадам басуы болып есептеледі.


Бала алғаш атқа мінгенде жығылмау керек. Қазақ халқы: «алғаш ат жалын тартып мінгеннен бастап…» деп тұңғыш атқа мінген күнді өмір сапарына балайды.


Ертеде қазақ халқы ат – адамның қанаты, серігі деп біліп, атты қуса жететін, қашса құтылатын басты көлігіне балаған.


Баланы атқа мінгізу арқылы оларда «азамат болдым, ел қажетіне жарайтын шағым таяды» дейтін жауапкерлік сезімін тудырып, ерлік- ке, ептілікке баулиды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу