23.11.2021
  118


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТƏРБИЕЛЕУ

Баланы табу – қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп біл- ген қазақ халқы балаларды есейгенде Отанының, халқының азаматы


етіп тəрбиелеуде алуан түрлі айла-тəсіл қолданған. Тіпті, алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып ойнай бастағанда, оларға «санамақ»,


«ханқыз» сияқты айтуға жеңіл, тапқырлық пен ақындыққа жетелейтін ойын түрлерін үйреткен.


Мысалы, «Санамақ» ойынында:


 



  • Бір,

  • Біздің үйге кір!

  • Екі,

  • Ет турайтын бəкі.

  • Үш,

  • Сені жықпақ күш.

  • Төрт,

  • Маңдайыма шерт!

  • Бес,

  • Майлы құлақ кес!

  • Алты,

  • Ата-баба салты.


 



  • Жеті,

  • Жел-боранның өті.

  • Сегіз,

  • Болсын серкең семіз.

  • Тоғыз,

  • Борсық жейді қоңыз.

  • Он,

  • Атаң киген тон.

  • Он бір,

  • Қонақ келсе қондыр!

  • Он екі,

  • Жаман – насыбай, темекі! –


 


деп еркін ұйқас, мəнді сөз саптауға жаттықтырса; ал «Хан-қыз» ойы- нында: ұшып жүрген бір хан қызды (ел қайда көшер) ұстап алып, оны саусағына қондырып:



  • Ел қайда көшеді?


Суды қайдан ішеді? – деп бірнеше рет əндетеді де, хан-қыз саусақ- тарының басына барып қанатын ашып ұшуға айналған кезде:


 



  • Қызым, қайда барасың?

  • Көк жайлауға барамын.

  • Көк жайлауда нең бар?

  • Алтын буған тең бар.

  • Дария-суды кім ішер?

  • Шөлдеп барған шал ішер.

  • Тұр, балақай, сəлем бер! –


 


деп өздері сұрау қойып, өздері жауап беріп, соңында, хан-қызды өз- дігінен ұшпаса үрлеп ұшырып жіберіп, «ел мына жаққа көшеді екен» деп шуылдап хан-қыздың соңынан қуа жөнеледі…


Бұл ойын балалардың ақыл-ойын дамытып, дүниені тануын мо- лайтып, кейбір зиянды əдеттерден алыс болуға баулып, үлкендерді, қарияларды құрметтеп, сəлем беру секілді кісілік жол-жосынды ұғындырады. Ең маңыздысы, балалардың жасампаздық қабілетін жоғары- латып, өмірге деген құштарлығын арттырып, жан сезімін байытады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу