23.11.2021
  120


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ӨЛЕҢ-ЖЫР ҮЙРЕТУ

Өлең-жыр – өмір көркі», «ақын болу – өз еркің, азамат болу – борышың», «жақсы ақын болу үшін – ең алдымен жақсы адам болу шарт», «жанашырлығы жоқты – жақыным деме, адамгершілігі жоқ-


ты – ақыным деме», «əнді өмір – сəнді өмір» деп білген қазақ хал- қы əн-күй, өлең-жырды адамның жан дүниесін жаңартып, рухын серпілтетін; мерейін асырып, жігерін тасытатын қасиетті өнер санап, ұрпақтарын жастайынан əн-күй, өлең-жыр үйренуге баулыған. Сон- дай-ақ, ақындары мен əншілеріне, жыршылары мен күйшілеріне ас- қақ адамгершілік, биік мораль, мұрат талабын қойып отырған əрі


«əділдігі болмаса – əкім деме, адамдығы болмаса – ақын деме» деп, ақын-жазушылары мен əнші-күйшілерін ойына келгенін істеп, аузы- на келгенін айтатын əлдекім емес, керісінше, халықты өнер-білім мен асқақ адамгершілікке жетелейтін, үлгі-өнеге таратып, рухани күш- қуат беріп, теріс қылықтарды тектеп; озбырлықты шектеп, ел ішін- дегі түрлі жаман қылықтарды əшкерелеп, əділет пен ізгілікті ту ғып ұстайтын, ақыл-парасаты мен өнер өрісі биік адам деп қарайды. Сон- дықтан да ертеде қазақ ақындары мен əнші-күйшілері өздеріне қатаң адамгершілік жəне ізгілік талабын қойып, сөйлеген сөз, істеген іс, тіпті жүріс-тұрыс, алыс-беріс, барыс-келіс, ішіп-жеуге дейін басқаларға үлгі-өнеге болатын; ауыздарынан гүл төгілетін; өн бойларынан шына- йы адамгершілік пен мораль, мұрат иісі аңқып тұратын, басқалардан өнері мен кісілік мəдениеті жағынан озық адам болған.


Бұл өнерді үйретуде тəжірибелі кісілер балаларын жастайынан ел ішіндегі ақын-жырауларға шəкірттікке беріп немесе сондай өнерлі кісілерді ауылдарына арнайы шақырып əкеліп, олардан үлгі-өнеге, тə- лім-тəрбие алдырған. Тіпті өнері мен адамгершілігі асқақ, ел құрметі- не бөленген кісілерге тілдерін ашқызып, бармақтарын тістетіп, сарқы- тын ішкізіп, отырған орындарына аунатып, ұрпақтарын сол адамдар сияқты өнерлі, өнегелі етіп тəрбиелеуге күш салған.


Жастайынан өлең-жыр үйренген балалардың үлгі-тағылымы ар- тып, жақсы тамаша мінез-құлығы қалыптасып, тілдік қоры байып, ақындық қабілеті жоғарылайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу