Өлеңдер ✍️

  23.11.2021
  285


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ƏН ҮЙРЕТУ

Қазақ халқының балаларды тəрбиелеп, оларға түрлі өнер-бі- лім үйретуінің өзіндік үлгі, əдіс-тəсілдері мол. Балаларға əн үйретуде олардың өз дене мүшесін таныстыратын тілге жеңіл, ойға орамды «Ақ білек» деген əннен бастауға болады. Бұл əнді баланың білегін түріп, ақырын сипай отырып былай үйретеді:


 


– Ақ білек-ау, ақ білек,


Шынашағы шақ білек.


Бес саусағы егеудей


Балама тəн пəк білек.


Балбыраған бал білек,


Ауыл толы мал білек.


Тез қартайып, Сомдалып,


Ел ішіне бар білек!


Құрыштай боп шыңдалып,


Іске қолды сал білек!


Сүйіп Отан-анаңды,


Айтқан тілді ал білек! –


 


деп баланың өз дене мүшесінен бастап түрлі атау-терминдермен та- ныстырады. Өлең-жыр, əн-күй үйрену – баланы жастайынан Отанын сүюге, ата-бабаны ардақтап, зейінді де, зерделі азамат болуға үйре- теді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу