Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  509


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ТҰСАУ КЕСУ

Баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымынан кейін, арада бі- раз уақыт өткен соң бала қаз тұрып, жүруге бейімделеді. Міне, осы кезде сəбидің ата-анасы «тұсау кесер» салтын өткізеді.


Онда баланың аяғын ала жіп, майлы ішек жəне шөп тектес заттар- мен (орап) тұсап, білімді, өнегелі немесе ұзақ сапарларда көп болған жəне жүйрік, аяғы жылдам адамдардың біріне:


– Жүйрік бол, шауып кет! Қадамың сəтті, бақытың тəтті болсын, бісміллə! – деп тұсауды кестіріп жібереді.


Тұсауы кесілген баланы ата-анасы немесе жақын туыстарынан екі адам екі қолтығынан демеп ұстап:


 


– Қаз-қаз балам, қаз, балам, Қадам бассаң мəз болам.


Қаз-қаз болып, тез басып, Қадамыңды жаз, балам! Тұсауыңды кестік біз, Күрмеуіңді шештік біз.


Қадамыңа қаз басқан,


 


Құтты болсын дестік біз. Қаз-қаз балам, жүре ғой, Балтырыңды түре ғой.


Тай-құлын боп шаба ғой, Шауып бəйге ала ғой!


Жүгір, жылдам, құлыным! Желбіреп бір тұлымың.


Елгезек бол, ерінбе, Ілгері бас, шегінбе! Ала жіпті алайық, Ақ əжеңе барайық.


Ержетті деп айтайық, Шашуын жеп қайтайық, –


 


деп жетелеп ары-бері жүргізіп мəре-сəре болады.


Тұсау кесудің де өзіндік үлгі-өнегесі жəне ғылыми мəні бар. Тұ- сауы кесілген сəбиді сол күннен бастап үлкен-кіші бірінен соң бірі жетелеп, ұдайы машықтандырып отыратындықтан, бала тез аяқтана- ды. Ал, ала жіп орап кесу – балам адал болсын, арлы болсын дегені. Қазақ салтында ала жіпті аттамайды. Шөп орап кесу – ұрпағым шөп- тей көп болып өсіп-өнсін дегені. Ал, майлы ішек орап кесу – балам бай-бақытты болсын, қадамы жайлы, қазаны майлы болсын деген игі тілегін бейнелейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу