22.11.2021
  115


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАҒА АТ ҚОЮ

Жаңа туылған балаға ат қою – өмірлік мəн-маңызы бар, аса игі- лікті іс саналатындықтан, қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше көңіл бөліп, өмір есігін ашқан əрбір перзенттің атын жалпақ жұрт сыйлап-


қадірлейтін білікті, қадірлі кісілерге қойдыруға тырысады.


Əдетте баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде қояды. Онда атын қоятын баланы: «мына балаға ат қойып беріңіз» деп көп ортасында отырған білікті кісілердің біріне ұстатқанда, əжейлер оған «бай-бақытты болсын» деп шашу шашады.


Баланы қолына алған кісі оның құлағына:


– Сенің атың – ... ! – деп үш рет дауыстайды да, баланың бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Сыртта азан шақырылады. Міне, бұл «ат қою» деп аталады. Тіліміздегі «азан шақырып қойған аты» деген сөз тіркесі содан қалған.


Балаға азан шақырып ат қойған соң, үлкен кісілер ақ баталарын бе- ріп бет сипайды.


Қазақ дəстүрінде, мейлі, туа салып шетінеп (өліп) кетсін, мейлі, ай- күні толмай түсік болып түссін, адам бейнесін қалыптастырған балаға ат қойып, жаназа шығарып жерлейді.


Қазақ халқының ат қою дағдысының өзіндік мəн-мағынасы жəне ғылыми негізі бар, яғни қазақ халқының ат қоюына қарап оның таным- түсінігі, салт-санасы, арман-тілегі, сондай-ақ, этикалық талғамы мен ұлттық болмысы өте анық байқалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу