22.11.2021
  358


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ПЕРЗЕНТ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАНДА...

Қазақ халқы дүниеге бір перзент келсе, тек сол перзент келген отбасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт, туыс-туған түгел мəре-сəре қуанып, шашу апарып, «бауы берік болсын» айтуды кісілік парызы


санайды.


Перзент дүниеге келіп, оны құндақтап орап, анасының қасына жат- қызған соң, жолы, жасы үлкен бір əйел шашу шашады. Онда дүниеге келген перзент ұл болса:


 



  • Айдарынан жел есіп, Ат ойнатар ер болсын. Маңдайынан күн сүйіп, Ақыл-ойы мол болсын! –


 


деп жақсы мінез, жарасымды қасиеттер даруын тілейді.


Ал, дүниеге келген перзент қыз болса, онда:


 



  • Жүзі Айдай жарқырап, Ауылға болсын өнеге.


Болып елге шамшырақ, Жетік болсын өнерге! –


 


деп оның ақылды, білімді, көрікті, өнерлі болуын тілейді. Бұл – өмірге жаңа ұрпақ əкелген ана мен өмір есігін алғаш ашқан перзентке де- ген құрмет пен игі тілек. Сондай-ақ, адамдар арасындағы достық пен береке-бірлікті арттыратын өнеге.


Бала ананың жанында жатса, ана жүрегінің дүрсілін естіп ты- ныш ұйықтайды əрі болашақта мейірлі, ізгі ниетті болып өседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу