Баталар ✍️

  22.11.2021
  2056


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Соғымға бата

Қыс күндері қазақ халқы үй басы сайын түгел бір-бір ірі қарадан  соғым  сояды  əрі  бірін-бірі  соғым  басына  шақырып  қонақ  етеді. 


 


Соғымға шақырылған қонақтар: «соғым шүйгін болсын» деген игі тілек айтады. Ал, ет пісіп, алдыға соғым басы тартылып «Əумин» дегенде, жасы, жолы үлкен кісілердің бірі:




Соғым шүйгін болсын,
Ұрпақтарың тұйғын болсын.
Татқандарың тəтті болсын,
Келер күндерің жақсы болсын!

Отбасыларың аман болсын,
Бай-бақытты заман болсын.
Үйлеріңнен қонақ кетпесін,


Май қуырдақ-табақ кетпесін!
Аллаһуакбар! –

деп бата жасайды. Міне, бұл «соғым батасы» деп аталады.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу