👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  11


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Текемет

Жылдар қуып кетседағы ескіріп,
әлі есте, қалған кезім ес кіріп —
текеметті жайып тастап, үстіне
төсек салып жүретінмін кешкілік...
Аппақ киіз, қызыл өрнек әр жері — '
ауыл үйге көрік берер сәнді еді.
Қимылымды бағып менің сонда әкем
отыратын әңгіме етіп әрнені.
Содан кейін: «Келші бері, балам,» деп
сүйер еді, өпкендей бір самал леп,
өн бойыма жылу тарар еді онда,
арналғандай бар ықылас маған тек.
Аппақ киіз, қызыл өрнек көмкерген
қызғалдақтай қыраттардан мен терген
еске түссе оралады ойға анам
шаруа қамдар тұрып алып ерте елден.
Жинап тастап түнде ұстаған ұршығын
тығып сиыр бауырына тұмсығын
отыратын күрпілдете сүт сауып,
іліп тастап түсіп кетсе қылшығын...
Қайталанар қанша жыл бұл, қанша апта,
қызыл сиыр, анашымды шаршатпа.
Таң бозында ертіп шығып жүр ылғи
текеметтей қызыл гүлді алқапқа...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы