👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  51


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Дәмдестік

Үлкенді – аға, кіші - іні, құрдасым деп жастыны
сырласамын дос тұтып,
ұмытылып бас мұңы.
Өз үйіндей көр келсең аунап-қунап,
жатсынба,
отауымда менің де қазағымның дәстүрі.
Дастарханым жаюлы,
қашан келсең барым әзір,
суымайды қазаным, созылса да таңға жыр.
Әңгіменің дүкенін қыздыра отыр, қысылмай,
дастарханы қазақтың сұрап тұрар дәмді әзіл.
Шәйі көрпе төсеймін, жастық тастап шынтаққа,
күй тыңдай тұр,
қуырдақ әзір болар мұрсатта.
Жаныңдамыз, қазір ең маңыздысы біз үшін
қонақ қамы,
өзгедей іс болмайды бұл шақта.
Су құямын қолыңа жұмсақ сүлгі ұсынып,
жасым үлкен болса да қонақ үшін кішіріп.
Еркелесең сыйымды дейін ерсі болса да,
көз жасырар елемей, тұрсадағы іш ұғып.
Қазақ әзір қашаннан қонақ келсе күтуге,
бәрі-бәрі алдыңда, тойғаныңша ішіп-же.
Дәмдес болдық екеуміз мың күн сәлем алысар,
асымды ішіп тек қана аяғына түкірме...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы