👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  12


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Түс

Сұлулықтан келбеті сыр ұқтырған,
жап-жасыл бақ жемісі тұнып тұрған.
Жаз самалы тербейді жапырақты,
күй сұрашы дегендей қылыштымнан...
Салмақ па екен мерейлі шаққа құлып,
таптағысы келді ме баққа кіріп,
бір жат адам кенеттен тепсінді кеп,
ашқызбақшы аяусыз қақпаны ұрып.
Түсінгендей жат жанның бар жайына,
жармасыппын жібермей шалғайына.
Қара күшпен болмаса тоқтатпастай,
өзгедей кедергінің қандайы да.
Қиялымда, бәлкім, бір жаңғырды аңыз,
ертегі, әлде, ерліктен қалдырған із —
ол өтем деп, мен оны өткізбен деп,
жанталастық қақпаның алдында біз...
Жеңілер ем, болғанмен, жүректілік,
мен көксеген әділшіл тілекті ұғып,
шыға келдің жылдардың тасасынан,
шыға келдің кенет сен білек түріп...
Ұқпасам да түк күйін тұспалыңның,
түсті неге, құдай-ау қысқа қылдың!?
Қайда кетті сол досым әлгіндегі,
басын жұлған тістескен дұшпанымның?
Көңілді жай көтерген тамаша ма,
Әлде, түс те шындыққа жанаса ма?!
Өзгені емес, мен неге көрдім сені,
неге түстің екен сең арашаға?!
Нұр төгілер жаныма шашасынан
гүл-көңілден кей-кейде қашасың, ән
Әлде маған бір бақыт қол бере ме
шыға келіп жылдардың тасасынан?..


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы