Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  137


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Абайға

Нұрлы ақыл, жомарт жүрек, кемел дарын,
үйрендік асыл сөздің сенен бәрін,
Жырларың жан-жүйені шымырлатса,
тартады ақ балықтай тереңге әнің.
Ту етіп сезіміңді үлбіреген,
талаптың тұлпарын сен міндің ерен.
Қомсынбас, сүбелі сый берді атам дер
әр ұрпақ бөліп алса бір-бір өлең.
Суындай таудың мөлдір тұп-тұнықсың,
халқына қуат берген құтты рухсың.
Қарайған бүкіл қазақ баласына
қадірін қара сөздің ұқтырыпсың.
Сарқылмас қуаты бар өр әніңнің,
үніңде белгісі бар таза мұңның.
Өлеңің патша болса бар өлеңге,
Рухани патшасы сен қазағымның...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу