22.11.2021
  33676


Автор: 18+ жас

Атам мен енем ұялмайды

Қара шаңырақта тұрған жас отбасының қиындығы көпшілік арасында жиі айтылады. Тұрмыстық мәселелерден бөлек қарым-қатынас айналасында болатын проблемалар да жетерлік.


Сондай мәселенің бірін алматылық келіншек Аймара тілшіге айтып беріп, ата-енелерге құлаққағыс жасағысы келетінін де жеткізген еді.


 


«Үйіміз тым тар да емес, даңғарадай екі-үш қабатты да емес, көп қатарлы. Әрбіріміздің өз бөлмеміз бар, бірақ бірге тұрған соң кішкене жан-жаққа қарап, етек-жеңді жинап та жүру керек шығар деймін ғой. Үлкен балам айтып келгенде үндемей тұра алмадым... Сол үшін енем қазір маған қыр көрсетіп жүр» , - деген келіншек ата мен енесінің үйдегі оғаш қылықтарынан ұялып жүргенін айтады.


 


- Мен үлкен әрі жалғыз келінмін. Ата-енем Алматыға ертеректе қоныс аударған, жастары әлі 60-қа толмаған. Күйеуімнен кейінгі екі қарындасы тұрмыста. Бірі бес, екіншісі үш жастағыекі ұлымыз бар. Жап-жақсы отбасымыз, ешқандай мәселеміз жоқ, тек мына бір жағдайдан басқа...


 


Адам айтуға да ұялады екен... Бірақ 7 жыл бойы көріп келе жатқан соң шыдамым таусылды. Атам мен енем қашан ақылға келеді? Қашан етек-жеңдерін жинап, үйде келіннің, жас баланың бар екенін түсінеді?


 


Былай ғой... Жас болған соң шығар, әйтеуір «махаббаттары лапылдап» тұр. Кейде түндегі дауыстарын естіп ұялып кетеміз. Ондайда күйеуім естімеген бола салады, бірақ қызарып, түрі бұзылып кеткенде бәрін сеземін.Алғаш келін боп түскенімде бір күні өзім айтып күйеуімді оятып алып, ұялып қалғанмын. Қайдан білейін, ондай әдеттері бар екенін?


 


Түр ортасында сыртқа шыққанмын. Ата-енемнің бөлмесінен ыңырсыған біртүрлі дыбыс шықты. Ауырып жатыр екен деп шошып кеттім де, есігін қақтым. Енемнің даусы еді. Оңаша бөлмелері болған соң бірден кіріп бармаймын ғой?! «Апа, бірдеңе боп қалды ма?» десем үндемейді. Жүгіріп келіп күйеуімді ояттым. Ол маған қарап тұрды да, «ол ауырып жатқан жоқ» деп басын жастыққа көміп жатып қалды.


Сөйтсем, басқа екен ғой... Бетімнен отым шыққаны-ай...


 


Одан кейін қанша рет естідік ондай дауыстарды. Таңертең шай құйғанда мен ұялып беттеріне қарай алмай отыратын едім, қазір оған да етім үйренді.


Ол ол ма, екеуі кейде бір-біріне қырындап, тиісіп түртіп кете салатынын көргенде жерге кіре жаздаймын ұялғанымнан. Осы үйде екеуі ғана оңаша жүрген, бал айын өткізіп жатқан жасар сияқты ұстайды өздерін. Теледидар көріп отырып сүйісе сала ма-ау, атам кеп енемнің арқасынан құшақтай сала ма, әйтеуір бітпейтін махаббат.


Менің ойымша, бәлкім қате шығар, ата-ене деген келін түсірген соң, баласы ержеткеннен кейін сәл аяқ тартып, ақылға келмеуші ме еді? Әлде мен тым ескілік көзқарастағы адаммын ба?


 


Жақында үлкен ұлым да көргенін айтып келгенде тіпті жиіркеніп кеттім бе, сондай бірдеңе сезімді бастан кештім. Балам атасы мен апасын жақсы көреді, солардың қасына жатамын деп жылайды. Оларды аса қаламайтынын білемін, бірақ сонда да немересі қиғылық салып орталарына жатып алады. Кейде ұйықтап қалған соң әкеп тастайтын. Үйімізде балалар бөлмесі жоқ болған соң қасымызға алып жатамыз, амал жоқ.


 


Сол ұлым таңертең бала-бақшаға апарып жатқанымда «мама, түнде атам әжемнің үстіне жатып алды, олар солай ойнайды күнде» дегенде бетімнің оты ду етті. Ондай жағдайға, жыныстық қатынас туралы түсіндіре алмайды екенмін әлі, не жауап берерімді білмедім. Содан кейін балам жыласа да өзіміздің қасымызға алып жататын болдым.


Әрі күйеуіме де үлкен қонақ бөлменің бір жағын бөліп кішігірім болса да балалар бөлмесін жасауға көндірдім.


 


Атам мен енемнің үйде ашық-шашық киіммен жүре беретінін айтпай-ақ қояйын, бірақ түндегі әрекеттерінің дыбысын шығармай, келін-баланың алдында өздерін әдепті ұстап жүрсе ғой деп қана тілеймін қазір. Әйтпесе, қай уақытта ыңғайсыз жағдайға тап болар екенмін деп қуыстанып жүруден шаршадым. Мың жерден махаббаттары ашылып тұрса да бұлар тым артық қой?!, - дейді Аймара ашуланып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

12.07.2023 17:06
Мама досы мен тосекте болганда даусы шыгады сондаи кезде аяап кетем
04.09.2022 17:16
Күйеуіңнен қанбай атаңмен сігіскің келіп жүрген келіншексің ғой.
22.08.2022 07:15
Күйеуің дұрыс сікпейтін болып тұр ғой
13.07.2022 03:42
Сігістің аты сігіс.Дұрыстап сігіссең ляззат алу денсаулыққа ең керегі осы

Пікір жазу