👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  516


Автор: Фариза Амангелдіқызы

ҰЗАТЫЛҒАН СІҢЛІМЕ АРНАУ!

Көңілім ағын судай сарқыл бүгін,
Жүрегімнің сездіріп жақындығын,
Өмірлік жұбын тауып еркетайым,
Ұзатылып кеткелі жатыр бүгін.

Үйіміздің сән-салтанат мерекесін,
Қылығыңмен толтырған сен екенсің.
Шаңырағыңа әрдайым ұйытқы боп,
Кіргізіп отырғайсың берекесін!

Бүгін сіңлім сенімен мақтанамын,
Әпкелік ақ тілегімді ақтарамын.
Келін болып табалдырық аттамақсың
Иманың мен отауыңды сақта жаным!

Екі елдің іргесін жақындатып,
Жасадыңдар екеуің батыл бағыт.
Екі ел де бата беріп, қуаныштан
Екі жастың некесін мақұлдадық.

Ата-салтты қашаннан сақтап едік,
Сен де еліңді жүргейсің мақтан етіп,
Әли болып туылған жұбайыңды
Енді сыйлап жүргейсің патша етіп.

Шанышқылдай таза ел бұлақтай тым,
Алған қызды әрдайым жылатпайтын.
Сен де қалқам, сол елдің келіні бол-
Абыройлы атағын құлатпайтын!

Қазақ елі текті деген атқа лайық,
Салтымызды бұрмалаудан сақтанайық.
Болып жатқан құдалықты екі ел боп
Мың жылдық құдамыз деп мақтанайық.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы