Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  6115


Автор: Фариза Амангелдіқызы

ҚҰДАҒАЙЫМА!

Өмірден басқа бақты сұрамайын,
Елміз ғой жасайтұғын құда жайын.
Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын
Алла қосқан алтындай құдағайым.

Шөбере, шөпшек сүйіп қартайғасын,
Әже болып қалайша марқаймасын.
Екі жастың себебімен жекжат болдық
Арамызда сыйластық ортаймасын!

Құтты болсын 50 деген мерекеңіз,
Шаңырақтан кетпесін берекеңіз.
Қуанышқа ортақ боп әр жыл сайын
Келейік құдаңыз-бен екеуміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу