Баталар ✍️

  21.11.2021
  685


Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романында теріс бата

Теріс батаны жаман ырымға балаған қазақ оның нақты мәтінін жазып қалдырмаған. Өйткені, қатты күйінген адам "ойына келгенін" айтатын болған деседі. 


Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романында да теріс бата кездеседі.
"Талып жатқан күйінен есін жаңа жиып, екі көзін алартып ашып атасына жаңа қараған Әмірге, Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Намаздағыдай мінажат. Қимылын, суық тілек қимылын жасады. Әмір мен Абайға қатар созды. Бұл – теріс батаның, қарғыс батаның белгісі. Нұрғаным мен Ізғұтты екеуі, екі жақтан ұлардай шулады.
– Я, құдай, қабыл етпе!,
– Жаратқан, елең алма! Не сұмдық! Қарғыс айтқалы жатыр ғой, өз балаларына! – деп үркіп үн салды. Бірақ, Құнанбай енді оларды перуәйіне де ілген жоқ. Жүгініп алып, көлденең жатқан немересінің кеудесінің үстіне теріс батаның алақанын жайып тұр.
– Қызарып атқан таңда, мына зауал таңда… Айттым аталық қарғысымды. Менен туған арам қан, бәдбәхіт нәсілдерім мына екеуі. Жаратқан ием, я кәрім алла, менің қолымнан өлтіртпедің. Бендең болған бар тілегім. Ақ тілегім со болсын. Ал мына екеуін! Жібер өзіңнің ақ бұйрықты ажалыңды. Уын, зәрін өзгеге жаймай тұрғанда, жой көздерін, жоғарғылдардың! – деп қолының сыртымен теріс батасын етіп салды. Есін енді жиған немересі мен Абайға: – Шық! Жоғал, жойыл көзімнен! Ұрпағым екенің шын болса, құрбан еттім екеуіңді. Садаға еттім сен екі шіріген жұмыртқаны, бар да өл! Тез өл! Жөнел! – деді". 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу