👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  93


Автор:  Жанар Ешназар

Жазылмайды жаралар

Жазылмайды жаралар,
опасыз -  сұқса семсерін.
Кемсеңдесең де,
кесірленсең де,
өмірге айтып лағынет.
Азынайды әз басың
терекке ұқсап теңселіп,
Жәбірлеушіңді
жек көріп іштей,
қараласаң да сансыз рет.

Өшпейді өрт, өкпелер,
періште кейіп кисең де.
Сенімді қарғап,
тағарсың айып,
тарылып өңеш, пейілің.
Өзегіңді өртеген
кесірге басың исең де,
Алғашқы шақтай
көз жұма қарап,
төге де алмайсың мейірім.

Кеулеген кек кеміріп,
ішіңді құрттай жалмайды.
Шарасыз қалып,
шаршатып уайым,
боларсың әлек өзіңмен.
Сүлдеңді аяп, егіліп,
зарлаудан жақ талмайды.
Мүсәпір күйде,
сораңды үйіп,
ағызарсың көзіңнен.

Мұнан кейін қаларсың,
Сезімдерді сезуден.
Күнің өтер сенделіп,
Сенімдерден безумен!.

Жанар Ешназар
4/04/2021


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы