Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  168


Автор:  Жанар Ешназар

"Жігіттер мәңгі жасасын" мүшәйрасына.

Үміт күтіп, арқа сүйеп, еркелейміз,
Сіздер бізді жұбататын  шағынғанда.
Қадіріңді таразылап,  өлшемейміз,
Ер жігіттің басым еткен бағын Алла!

Ана,
жар мен бала,
іс те сіздің қолда,
Ел бірлігін ұстайтын да Ер адамдар.
Қажыр, қайрат мықты болсын ізгі жолда,
Игі жандар еңбегіңіз кең бағамдар.

Дарынды ер,терең ұғар ақыл көзін,
Ойлы азамат оң істерді сырдаң етпей,
Есте ұстар Міржақыптың нақыл сөзін,
"Жігіт жақсы атана алмас сыннан өтпей!"

Абылайдай алғыр, батыр, нар тұлғалар!
Жеңісіңді жүрсін ұрпақ, заман толғай.
Ой,
мінезі,
игі ісінен ән-жыр қалар,
Төле бидей төре ұлдар аман болғай!

Жүректерге оттай лаулап, қуат толсын,
Әрбіріңнің орның бөлек, дара,жалғыз.
Отан қорғаушылар күні құтты болсын,
Әке,
Аға,
Бауыр сізге мың бір алғыс!

ЖАНАР ЕШНАЗАР




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу