Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  126


Автор:  Жанар Ешназар

Өтіл

Ғұмырымда үмітімнің үні елтіп,
Жүргенімде мұңлы-шатпен күнелтіп.
Күлкі орнына сыйлап суық ызғарың,
Күрсінісім үдетпеші түнертіп.

Үрей билеп өн бойымды зекіген,
Қорғана алмай сұсты ызғардың өтінен,
Сағым сынып кете ме деп қорқамын,
Көңілімді алаңдатпа,өтінем!

Мөлтілдеген таңғы шықтан мән бағып,
Титтей ғана бақытымнан әр дарып.
Жүргенімде тәтті шаққа бөленіп,
Жүрегімді жауратпасын зәр қарып.

Жүрегім жез,сымнан емес тамырым,
Көтере алман қам-қапаның шағырын.
Саған жағып, маған мүлде ұнамас,
Кейіпіңмен сынай көрме сабырым.

Жанар Ешназар
20/05/2021




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу