👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  32


Автор:  Жанар Ешназар

Қызық емес

Сенсіз әлем қызық емес,
Қызық емес думан,бақ.
Жоқты бар ғып,түзіп елес,
Қалай жүзім қуанбақ?..

Айтшы өзің қуанар ма ең,
Жырақ кетсе сенерің.
Бос кеңіспен уанар ма ең?..
Мендегі мән - сен едің..

Әсем емес ешбір әуен,
Сенің дауысың болмаса.
Көркем емес кешкі серуен,
Жүрекке мұң орнаса.

Ұға да алмай сөз,төзімді,
Жақпайды еш құн,бұйым.
Сен жоқ жерде өз-өзімді,
Алдау маған тым қиын..

Жанар Ешназар
8/06/2021


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы