Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  158


Автор:  Жанар Ешназар

Бәрібір

Білесің бе?..
Маған енді бәрібір,бәрі-бәрі..
Жылай-жылай жүзімнің қалмады әрі.
Мейлі кетсін өртеніп бүткіл дүние,
Гүлденсе де, дертіме болмас дәрі.

Күлімсіреп..
Тұратұғын жоқ қой енді жылы жүрек.
Мен тірімін, алайда ол - өлген бір ет.
Әр демімнің өзі қауып, күйдіреді,
Көкірегіме күйіктердің уын тіреп.

Деме, неден?
Бұл халімді жазғырмағын, сөкпе мүлдем.
Жанашырлық танытпа да,
аяй көрме,
Болады екен адамзатта "өкпе" деген..

Бос үміттің айдынында құр малтудан,
Қажыдым мен қажырымды тоналтудан.
Бәрібір ғой,
енді бәрі..
бәрінен де..
"Сол сезімді" қорқып едім жоғалтудан.

Жанар Ешназар
26/06/2021




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу