Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  146


Автор:  Жанар Ешназар

Түсінгің келсе

Түсінгің келсе өмірді,
Шындыққа бұрғын өңіңді.
Жалғанның ақиқаты сол,
Жоқ өмір ылғи - көңілді.

Өмірің өтпес тып-тыныш,
Өмірдің аты - құлшыныс.
Кеудеңде жаның тұрғанда,
Әр минут - қимыл, ұмтылыс.

Бір сәтке, бір шақ жалғасып,
Күндерің өтер қармасып.
Шаттық пен мұңдар ғұмырда,
Кездесер кезек алмасып.

Ақиқат барда - жалған жоқ,
Жалғансыз әсте қадам жоқ.
Айтшы өзің өмір сүрер ме ең,
Алданбай сірә, адам боп?!

Атаққа, баққа, ақшаға,
Құмартып сезім, бақшаға.
Адамдар ғұмыр сүреді,
Жақпаса да, жақса да..

Өзгені сырттай барлаумен,
Таза мен ласты талдаумен.
Адамдар өмір сүреді,
Өздерін-өзі алдаумен..

Тұрса да көнбей көкіп іш,
Жөндем сөз айтпау жөнсіз іс.
Өмірдің жақын достары,
Қуаныш,
Қайғы,
Өкініш.!

Жанар Ешназар
28/06/2021




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу