Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  158


Автор:  Жанар Ешназар

МҰҢ

Айтасың кімге зарыңды,
Көкейден қуат, от кетсе.
Бір адам сені мұңайтып,
Бір адам сені қор етсе..

Жаныңа медет дегенің,
Жүрсе егер бөлек қастаса.
Қуаныш сыйлау орнына,
Мұңдарға көміп тастаса.

Бұ да бір сынақ адамға,
Көрмесің көрмей өлмейсің.
Татпастан өмір ащысын,
Тәттіге көңіл бөлмейсің.

Не деген ауыр адамның,
Жаныңды жаралағаны.
Мән бермей жүрем дегенмен,
Тоздырар қайғы қараңы.

Бұл күндер бекер түспеді-ау,
Шақшадай қайран басыма.
Бір күні кетем мұңдардан,
Тыныштық ертіп қасыма..

Жанар Ешназар
25/07/2021




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу