Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  229


Автор:  Жанар Ешназар

Жаным-ау, күте-күте сағындым ғой

*****
Жүрегім назаланбай, шуақ шашсын,
Не шара,шын көңілден  ұнатқасын..
Жаным-ау, күте-күте сарғайдым ғой..
Сен келіп, қашан шексіз қуантпақсың?!

Сағынбай қалай жүрсің Жүрексізім?!
Мендегі қызғанышты үдеткіздің.
Өзіңді көрмегелі көп ай өтті,
Барады күннен-күнге жүдеп жүзім.

Жаз өтті, күз де жетті жауындаған,
Сен жоқсың байқататын зауық маған.
Осылай жүре берсең ойланбастан,
Бір күні басқа ғашық тауып алам!

Жоқ әлде, менен бұрын өзің ептеп,
Біреуді таптың ба екен,ебелектеп?
Әйтеуір, жаным-күнім деген сайын,
Өзіңді қоймадың ғой кереметтеп!..

Сүйгенін аңсап жүрген көп ғашық бар,
Қояды пәк сезімге, шек - жасықтар.
Жасытпа, жанарымды жаутаңдатпа,
Аямас асық жанды тек, пасықтар!

(Автордың жеке өміріне қатысы жоқ,кейіпкер ретінде жазылған әзіл-өлең. Экспромт)

Жанар Ешназар
31/10/2021




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу